2019 жылдың 3 қазан күні М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде УХТ-1-18 және УИЯ-1-18 топтарында Мемлекеттік экологиялық сағатына орайластырылған «Эко-сағат» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатының тақырыбы: «Табиғат – түған анамыз»
Сабақ мақсаты: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-бірімен байланысын, оның ішінде біз және табиғат байланысын білуге үйрету. Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу..
Кіріспе сөз: «Табиғат – туған анамыз» атты сынып сағатында табиғат-адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы екендігі жайлы айтылды. Сондықтан болашақ жас ұрпақ оны аялап, қадір тұтып, күтіп-баптауы керек.
Сынып сағатының соңында қоршаған ортаға қатысты экологиялық сана - сезімді тәрбиелеу мақсатында М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледж студенттері, колледж жанындағы лицей оқушылары "Эмпирикалық әлеуметтік технологиялар орталығы" қоғамдық жастар бірлестігінің төрағасы, "Молодежная-Жастар" газетінің бас редакторы А. К. Жаукинамен бірге М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледж аумағында көшеттер отырғызылды
Оқытушылар : Кожакенова С.Р.
Искакова Ж.Ж.